Айдынғали Сағынғали — Ырғыз жастары

Осы парақта Айдынғали Сағынғали — Ырғыз жастары деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Айдынғали Сағынғали — Ырғыз жастары текст, сөздері, ән мәтіні

Туған жерден тағзым жинаған
Қанат қаққан қырандай қиядан
Əйтекеңнің сөзінен нəр алып
Ту қып өскен бірлікті ұядан
Тəлім алған Ыбырай данадан
Қалған дəстүр сақталған бабадан
Домбыраның үнімен ер жетіп
Тұлпар мінген ерлерден тараған
Бұл Ырғыздың жастары

Қайырмасы
Сексен көл шалқып тербеткен
Серілік құрып ер жеткен
Алуға биік асқарды
Бұл Ырғыздың жастары

Киелі Ырғыз жағасы жайлаған
Жүректері сертінен таймаған
Қос иықтан төгілген бұрымы
Қыздары əсем аққудай жайнаған
Еркін өскен кең дала төсінде
Ізі қалған ерліктің көшінде
Үлкенінен құрметін аямай
Ізетпенен қараған кішіге
Бұл Ырғыздың жастары

Қайырмасы
Сексен көл шалқып тербеткен
Серілік құрып ер жеткен
Алуға биік асқарды
Бұл Ырғыздың жастары

Оставьте комментарий