Айтқали Нәріков‎ — Екі ұлым

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Екі ұлым деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Екі ұлым текст, сөздері, ән мәтіні

Екі ұлым — екі құрыш қанатым,
Қос шырағым маңдайымда жанатын.
Жазатайым құлап түссем солар ғой,
Мен жетпеген жерлерге ұшып баратын.
Бірақ, бірақ шаршау маған ерте әлі,
Кезім ғой бұл «желіп жүріп», жер таныр.
Ойға алғаным орындалып жатса да,
Арман-түлкі жеткізбей бір, жортады.
Жан емеспін өз ойына тұншығар,
Сырымды ашсам, бұлтты түріп, Күн шығар.
Біздің үйде келеді өсіп екі өрім,
Келеді өсіп Турабидей сыншылар.
Олар ешбір маймөңкеңді білмейді,
Тапқыр әзіл айтсам да, әсте күлмейді.
Олар менен күтеді ылги ірілік,
Әрқашан да жүрт алдында жүр дейді.
Ой айтады бипаздамай, кесімді,
(Айтты болды! Бар мәселе шешілді).
Кей уақытта мен оларға әке емес,
Менің әкем осы екеуі секілді.

Оставьте комментарий