Айтқали Нәріков‎ — Есен-Жаңыл

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Есен-Жаңыл деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Есен-Жаңыл текст, сөздері, ән мәтіні

Бұл өмір тұрады екен сыйластықтан,
Сыйластық болған жерде қимастық тән.
Өтсе де қаншама жыл, жайымыз бар
Сендермен жүздесетін күнге асыққан.
Десек тe дала тыныш, қала тыныш,
Жер шалғай — мұның өзі жаратылыс.
Тіршілік бағындырып өз заңына,
Ұшарға болмай тұр ғой қанатымыз.
Өмірдің қалып артта өткелдері,
Жастықтың қош айтысты көк белдері.
Алпысқа аман-есен жеттіңіздер,
Дос-жаран күткен сәт бұл көптен бері.
Мерейтой құтты болсын, Есен-Жаңыл!
Сияқты көңілдерің көше — даңғыл.
Өлшеусіз бір-біріңе махаббаттан,
Үлгі алып ұрпақтарың өседі әрбір.
Көңліміз ақ пейілін сақтауда әлі,
Күндердің бірге өткізген тәтті-ау бәрі.
Отырмыз сәлем жолдап Ақ Жайықтан,
Сыйлас пен қимастар деп Ақтаудағы.

Оставьте комментарий