Айтқали Нәріков‎ — Жазмыш

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Жазмыш деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Жазмыш текст, сөздері, ән мәтіні

Басыма үйіп-төгіп нала-мұңды,
Тұқырта берді тағдыр талабымды.
Жүрсе де көңілімнің күйі келмей,
Қайтадан алдым қолға қаламымды.
Ерте-кеш жер қойнына кірер денең,
Сілтесе ажал құрық — жібермеген.
Жүрекке жазылмайтын жара салып,
Мерт болды сүйікті ұлым Жігер деген.
Ойымның сарқылгандай алтын кені,
(Күйрек деп кінәламас халқым мені).
Мұз етіп өн-бойымды жібергендей,
Жазмыштың шарпып өткен салқын лебі.
Жанымды жалын жалап, төмендедім,
(Қай теңім еді мына өлең менің).
Думан боп төңірегім жатсадағы,
Қызыққа, қуанышқа бөленбедім.
He үміт артам келер күндеріме,
Тұр екен нелер күтіп ілгеріде…
Дәуренім келін әкеп, қуантса екен,
Осылай қайғы арқалал жүргенімде.

Оставьте комментарий