Айтқали Нәріков‎ — Жалғайды…

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Жалғайды… деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Жалғайды… текст, сөздері, ән мәтіні

Қайда қоям алып-ұшқан көңілді,
Кемерінен асып, қанша төгілді.
Күнде көріп жүрген мына адамдар,
Менің ішкі жағдайымнан не білді?
Таң атпастан төсегімнен тұрамын,
Әр күніме жеке жоспар құрамын.
Жазылмаған сияқтанып бір жырым,
Айтылмаған сияқтанып бір әнім.
Жүрек шіркін тірлікті бұл қалады,
Осы ғана көңілімнің алаңы.
Шөберемді көрем деп айта алман,
Ал өлеңім болашаққа барады!
Бәзбіреулер жүрген кезде еліріп,
Бұл тірліктен кетем кейде жерініп.
«Caп, caп көңілім, сабаңа түс» деймін де,
Үйреншкті іске кетем жегіліп.
Біреулерге мансап қайғы, мал қайғы,
Жалған тірлік жан біткенді алдайды.
Ұрпағыма байлық тастап кетпеймін,
Арамызды жазғандарым жалғайды!

Оставьте комментарий