Аяздың «алты қарыс тісі» қайда?
Боп кетті-ау қазіргі кез қысы майда.
Өзі де билеушінің қаймыққан сoл,
Жатқан соң зымырандар түсіп Aйғa.
«Жолаушым, aт шылбырын тез бер», — дейтін,
Боран жоқ бұрынғыдай көз бермейтін.
Несіне соның бірақ таңқаламыз,
Жалғанда не бар дейсің өзгермейтін…