Айтқали Нәріков‎ — Жетелейді ілгері

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Жетелейді ілгері деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Жетелейді ілгері текст, сөздері, ән мәтіні

Алпысбай Мұсаевқа

Дегендей боп қатарыңнан қалыспа,
Жолдар мені шақырады алысқа.
Беймәлім күш алып шығып үйімнен,
Қосады әкеп, ұлы дүбір жарысқа.
О бастан-ақ құпиялы жалған кең,
Аттанамын үміт етіп алдан мен.
Өмір атты үлкен жолдың үстінде,
Кездесемін алуан түрлі жандармен.
Біреулері мақсат тұтып байлықты,
Мінез-құлқын осы жолға сай қыпты.
Жүргендерден татын жалап ақшаның,
Жүрегім сан, жүрегім сан шайлықты.
Ал біреулер биік ұстап арманын,
Соған ғана салады екен бар жанын.
Ұстай алмай қиялдағы елесті,
Санын соғып, шайнайды екен бармағын.
Өмір мына күрделі сол, күрделі,
Адамдардың сабылып бір жүргені.
Соғып тұрса кеудемдегі жүрегім,
Жолдар мені жетелейді ілгері!

Оставьте комментарий