Айтқали Нәріков‎ — Жылжиды жылдар…

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Жылжиды жылдар… деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Жылжиды жылдар… текст, сөздері, ән мәтіні

Қызарады Күн ұяға батарда,
Нұрланады төңірек таң атарда.
Табиғатта сақталғанмен заңдылық,
Адам бірден кіре алмайды қатарға.
Жас шағында тұла бойда күш тасқан,
Ой-арманың ғарышпен де ұштасқан.
Кемеліңе әбден келіп болғанша,
Өткересің қанша қиын іс бастан.
Жүресің сен ауа жұтып, ас ішіп,
Өмір-көште жұрттың жүгін тасысып.
«Оянасың» бір кез ұзақ «ұйқыдан»,
Желкең тартып, миың ашып, бас ісіп.
Ұлың өсіп, жігіт болып қалыпты,
Қызың өсіп, бойын түзеп алыпты.
Құдай қосқан қосағыңның көзінен
Көре алмайсың жас кездегі жарықты.
Намысы бар жан болсақ та бөрікті,
Ырду-дырду алып бойдан ерікті,
Жан-жағыңа бұрылтуга келтірмей,
Өмір шіркін заулап өте беріпті.
Күмістеніп бара жатыр самайың,
Қатар кетіп, селдірепті маңайың.
«Ақылға бір келер кезі болды» деп,
Сын көзімен қарайды екен ағайын.
Жалған тірлік сені біраз мас қыпты,
Асау көңіл, міне, енді бастықты.
Өміріңді басқашарақ құрар ең,
Екінші рет берсе қайран жастықты.

Оставьте комментарий