Жігіттер, күлкі — бақыт, ұрыс — қайғы,
Шаттықтан ақын халқы жыр ұстайды.
Дүниеден арбасумен өтіп кетсек,
Кім келіп сол қатені дұрыстайды.
Сондықтан кең ашылсын құшағымыз,
Демейік бақыттымыз, құсалымыз.
Болайық бетке тура қарайтындай,
Өмірге қайта келсек, мысалы, біз.