Айтқали Нәріков‎ — Заман

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Заман деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Заман текст, сөздері, ән мәтіні

Мына заман алағай да, бұлағай,
Өтіп жатыр жағдайымды сұрамай.
Тірлік қамы тұралатып жүрсе де,
Көңілімнің бүгінде тұр Абай!
«Жазғаныннан теңге түссе бір сәрі,
Осы күпі кетіп тұр, — деп, — жыр сәні».
Өлең сөздің киесінен қорықпай,
«Ақылгөйлер» маған кейде ұрсады.
Жөн еді ғой маңдай термен келсе құт,
He берсе де, еңбекке сай берсе құп.
Олай емес, олай емес өмірде,
Жатыр бәрі басқа жолмен өлшеніп.
Шын зиялы ар-намысты келеді,
Іс тындырса, тындырады келелі.
Өлермендер өтімді боп тұр қазір,
Ойлыларға құдай қашан береді.
Болашаққа жолдап өлең, жолдап ән,
Күні-түні мен тынымсыз толғанам.
Сарқылмайды қаламымның қуаты,
Дем береді, дем береді сол маған!

Оставьте комментарий