Айтқали Нәріков‎ — Кетсем алып…

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Кетсем алып… деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Кетсем алып… текст, сөздері, ән мәтіні

Сағынған күнін санап асқан айдың,
Ұлыңда жоқ өзіңнен басқа уайым.
Жүрсем де жұмыр жердің қай шетінде,
Ойымнан сені екі елі тастамаймын.
Көргенде қариялар қауқылдасып,
Тұрады дос құшақтар ауқымдасып.
Мен саған, өскен өңір, келіп жүрем,
Көл-көсір көңілімнің мауқын басып.
Жатса да қарсы алдымда мың сан айдын,
Оларға күшімді онша жұмсамаймын.
Өзіңе қайта оралар шағымды ойлап,
Тағы да сол баяғы күн санаймын.
Арманды сенен басқа шетке қағып,
Бұл жырды отырғам жоқ, текке жазып.
Жұбаныш сағынышыма болар ма екен,
Бір уыс топырағыңды кетсем алып.

Оставьте комментарий