Айтқали Нәріков‎ — Кеңістікті жырлаймын

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Кеңістікті жырлаймын деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Кеңістікті жырлаймын текст, сөздері, ән мәтіні

Қаншама жыл тұрсамдағы қалада,
Ешнәрсені теңгермеймін далама.
Егделердің есебіне кірген соң,
Бірте-бірте ыстық болып барама?!.
Мен, әйтеуір, бір ерекше күйдемін,
Елемейтін болдым тірлік күйбеңін.
Көңіл шіркін алабұртып тұрады,
Ғашық жандай іздеп жүрген сүйгенін.
Қырдан қашан аулақ салдым іргені?
Осынау ой көп мазалап жүр мені.
Кеңістікте еркін өскен ұланның,
Қиын екен тap жерде өмір сүргені.
Үй-жайым бар және жақсы жұмысым,
Бұл жөнінде айтпас жанның бірі сын.
Алайда, бір еркін ауа жұта алмай,
Жиі-жиі тарылып жүр тынысым.
Осы дала жұмсақ төсеп жөргекті,
Талбесікте мені баппен тербепті.
Өмір солай — көлгірситін жайым жоқ,
Болмадым деп азаматы көрнекті.
Отыз бес жыл тұрғынымын қаланың,
Бірақ. Бірақ. Дала-менің алаңым.
Тұңғыш жырым «Кеңістік» дeп аталды,
Кеңістіктің жыршысы боп қаламын.

Оставьте комментарий