Айтқали Нәріков‎ — Кіжіну

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Кіжіну деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Кіжіну текст, сөздері, ән мәтіні

Біреулерге үміт арттық текті деп,
Сын сағатта сүрінбегей деп тілеп.
Сол тектілер ұсақталып барады,
Жан-жағынан шырмап алып ептілер…
Балақтағы бит шықты ғой басқа бұл,
Қалталыға құл болып жүр асқақ ұл.
Жүліктердің беріп-ақ тұр «құдайы»,
Сүліктердің қан соруы — қас қағым.
Қара тасты кессең де, су шықпайды,
Қара суық түссе, малың ықтайды.
Алдамшының екі көзі ойнақшып,
Сөйлегенде, аузы-аузына жұқпайды.
Мұның бәрін көзбен көріп келеміз,
Қашанғы біз көбік сөзге ереміз.
Бауыздарда бақырады лақ та,
Деуші еді ғой елі менен ер егіз.
Мағына жоқ, өтіп жатқан күндерде,
Қайда барып, шағамыз мұң кімдерге?
Абай аға, оянсаңшы ұйқыңнан,
Ащы ақылың керек боп тұр біздерге!

Оставьте комментарий