Айтқали Нәріков‎ — Күдік

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Күдік деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Күдік текст, сөздері, ән мәтіні

Көз ілдірмей тағы да бір таң атты,
Қайдасыңдар, тың ойларым қанатты?
Ертелі-кеш ақ қағазга үңілтіп,
Ақындарды құдай солай жаратты.
Төңірегім тұрлауы жоқ құр елес,
Алға қойган мақсатым да ірі емес.
Таңдап алған жолым дұрыс, бұрыс па?
Ой-санамда жүріп жатыр бір егес.
Жазғандарым жалпы жұртқа керек пе,
He қалады, салар болса елекке.
Болмашыға көңілі толып жүретін,
Жан болдым ба деп ойлағын желөкпе.
Күннен күнге көбейіп түр күдігім,
Салмағы ауыр екен күмән жүгінің.
Өрем жетпес биікке қол создым ба?
Олай болса, бұл ақынга ірі мін.
Ағын сулар бастауынан тұнады,
Сарқылды ма өлең-жырдың бұлағы?
Күннен күнге қурап бара жатқандай,
Желкілдеген жанымнық жас құрағы.

Оставьте комментарий