Айтқали Нәріков‎ — Күнде кеңес

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Күнде кеңес деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Күнде кеңес текст, сөздері, ән мәтіні

Қоңыр тірлік бойыма шақтағаным,
(Алда шығар күтулі бақ-таланым).
Тез ашылған «дос» құшақ сескентеді,
Жасырмаймын мен одан сақтанамын.
Қарамаймын әркімнің қабағына,
Үңілмеймін ешкімнің табағына.
«Ақылгөйге» пысқырып қарамаймын,
Мойынсұнам өмірдің сабағына.
Өзімді-өзім осылай қайрап келем,
Күдігімді сенімге байлап берем.
Тасып-тасып кей кезде аламын да,
Бірте-бірте түсемін жайлап төмен.
Асау ойлар бір кезде салқындайды,
Енді күдік сенімді алқымдайды.
Күнде қырық құбылған, шіркін көңіл,
Таразының тіліндей қалтылдайды.
Бұл күйімді сырт көздер білген емес,
(Байқалмайды іштегі жүрген егес).
Сергектігін сезімнің сақтау үшін,
Өз-өзіммен құрамын күнде кеңес.

Оставьте комментарий