Айтқали Нәріков‎ — Көресің бе?..

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Көресің бе?.. деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Көресің бе?.. текст, сөздері, ән мәтіні

Еңбекпенен дарытам деп бойға құт,
Жалғыз ағам далада жүр қой бағып.
Мына заман қайда апара жатыр деп,
Үйде оңаша отырамын ойланып.
Бәзбіреулер мақтап жатыр нарықты,
Кімдер оның байыбына барыпты?..
Қашанғы біз жалаң үгіт айтамыз,
Тығырыққа тіреп қойып халықты.
Қаншама жыл тұрғынымын қаланың,
Күнкөрістің тауып келем амалын.
Бірақ. Бірақ. Біз ұшпаққа шықпаймыз,
Халі мүшкіл болса егер даланың.
Қатты соқты бұл нарықтық дауылы,
Момындарға түсті жүктің ауыры.
Көресің бе, атқа мінген азамат,
Қандай күйде атам қазақ ауылы?

Оставьте комментарий