Айтқали Нәріков‎ — Інілер

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Інілер деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Інілер текст, сөздері, ән мәтіні

Мереке Хасановқа

Сағынып жүрмін, бағынып жүрмін сезімге,
Жұқарып бара жатқандай берік төзім де.
Інілерімді іздейтін болдым үздігіп,
Бәрі де ыстық, қартайған осы кезімде.
Алдымнан шықса, құшағын жайып, ағалап
Басыма менің қонғандай бейне дара бақ.
Жайқала түсер жапырақтары жанымның,
Жүремін дәйім ілтипаттарын бағалап.
Асығыс жүріс — ауылға барған сапарда,
Тезірек тағы кайтуың керек шаһарға.
Екі тізгінді қолдарына алып інілер,
Келіңдер жайған дастархандарға апарған.
Бір күнге бір күн жатады солай жалғасып,
Уақыт шіркін білдіртпей жылжыр, алға асып.
«Пейілдердің бұл хиуазын қалай қайтарам»,
Осындай ойлар көңілде тұрар арбасып.
Бір ойдан бір ой — жемісін жиі теремін,
Жетпіске жеткен, көп нәрсе көрген көнемін.
Өмір жолымда жүздесіп жүрген, інілер,
Баршаңызды да жүректе сақтап келемін!

Оставьте комментарий