Айтқали Нәріков‎ — Ініме ізет

Осы парақта Айтқали Нәріков‎ — Ініме ізет деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Айтқали Нәріков‎ — Ініме ізет текст, сөздері, ән мәтіні

Есімі Батыс Қазақстан облысына жақсы таныс журналист Сүндетқали Сариев қырық жылға жуық уақыт бойы бір шығармашылық ұжымда табан аудармай еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Ұзақ жылдар бойына облыстық радиода бас редактор болып қызмет істеп, радиожурналистердің бірнеше буынын тәрбиелеп, үлкен өмір жолына шығарды. Олардың бірқатары қазір редакция басқарып, енді өздері шәкірт тәрбиелеуде.

Арбап мені қалам-қағаз ақыры,
Әлі бұзып келе жатыр ұйқыны.
Сундетқали сөйлеп тұрса эфирден,
Дамыл таппай өлең жазам күн-түні.
Жалғандықтан ақиқатты аршып aп,
Отыз бес жыл маңдай тері тамшылап.
Інім менің оза шауып келеді,
Сонысымен бұл ағасын қамшылап.
Өмірдің бар өрі менен еңісі,
Бақшаның бар арамшөбі, жемісі.
Көріп өстің тіршіліктің талқысын,
Ешнәрсе де таңсық емес сен үшін.
Мазасыздау мамандықты қалап aп,
Іздемедің басқа мансап, дара бақ.
Айнымайсың бірқалыпты мінезден,
Тұла бойың тұнып тұрған қанағат!
Алпысыңның зор болғанмен атағы,
Бар болғаны екі отыз деп жатады.
Күн де мына шал боп шаршап батқанмен,
Ертеңіне жігіт боп таң атады.
Екі отызға келіп тұрған жасың бар,
Еңбегіңмен елге сыйлы басың бар.
Қалтарыста қалып жүрген Сукеңе,
Бүгін, достар, құшақты кең ашыңдар!
Ортасына о бастан-ақ бағалы,
Кім сыйламас алда жүрген ағаны.
Сен біреуге жасар болсаң жақсылық,
Сол жақсылық өзіңді іздеп табады.
Пасықтардай ешкімге тop құрмадың,
Тектілікпен, ізгілікпен бір жаның.
Шәкірттерің өкше ізіңмен келеді,
Бұған дәлел Рәишд пен Гүлжаның.
Азаматсың ораздылы, баталы,
Отырыста сөз айтасың аталы.
Сүндетқали Сариевтей болсақ дeп,
Қай жерде де сені мақтап жатады.
Ағартпастан бұйра шаштың бір талын,
Алпысыңда ән, өлең боп шырқадың.
Мice тұтпай өзің шыққан биікті,
Озып кетсе деп тілеймін ұрпағың!
Азаматсың Ақ Жайыққа белгілі,
Қазір сенің арқаңда тұр ер жүгі.
Құтты күні қуанышпен қауышып,
Жарқырап жүр ғүмырыңда ендігі.
Бүгінгі күн мен ағымнан жарылам,
Гүл ұсынам поэзия бағынан.
Түске дейін бірге жүрген інімді,
Түс қайтқанда, тағы қатты сағынам!

Оставьте комментарий