Ай-Хай тобы — Есіңе мені алғайсың

Осы парақта Ай-Хай тобы — Есіңе мені алғайсың деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Ай-Хай тобы — Есіңе мені алғайсың текст, сөздері, ән мәтіні

Есіңе мені алғайсың

Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанда,
Найзағай шаншып өткенде,
Есіңе мені алғайсың!

Қаз бауыр бұлттар маңғанда,
Орманға жазда барғанда,
Арманда мені арманда,
Мен бар деп мынау жалғанда,
Есіңе мені алғайсың!

Қараша келген шақтарда,
Құлазып тұрған бақтарда,
Жапырақ жайрап жатқанда,
Қурайлар сыңсый қаққанда,
Есіңе мені алғайсың!

Ақ ұлпа жерді жапқанда,
Ағаштар сырға таққанда,
Бозарып атқан ақтаңдай,
Бозарып тұрып ақпанда,
Есіңе мені алғайсың!
Жапырақ жайрап жатқанда,
Қурайлар сыңсый қаққанда,
Есіңе мені алғайсың!

Оставьте комментарий