Бауыржан Қарағызұлы — Ұмыт мені

Осы парақта Бауыржан Қарағызұлы — Ұмыт мені деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Бауыржан Қарағызұлы — Ұмыт мені текст, сөздері, ән мәтіні

Ұмыт мені ойлама, өшір мені есіңнен,
Өлсін ойлар,
өлсін сөз,
өлсін Өмір есірген.
Менің досым – «Өкініш» – Сенің ессіз ғашығың,
Енді Мен де мыңдаған ғасырлардың жасымын.
Қан аралас жаспын – Мен, өтінемін жолама,
Менің сорлы сезімім қаңғып өлсін далада!
Өлсін дала қамығып,
Өлсін қала қағынып,
Мен де өлейін дұғамда.
Өлсін қазір Уақыт, ұмыт, ұмыт барлығын,
Өлсін түндер көміліп, өлсін шөлдеп зарлы күн!
Аңсар сөзін ұқпадың, Мен адастым жоқ шара,
Кінә тақпа Тағдырға, сосын, Мені ақтама.
Өткен ғұмыр – хақ Тағдыр, келер күндер Еркіңде,
Мен Еркіңде өртендім, Сен айныма сертіңде,
Өлді!
     Бітті!
        Жоғалды!
Сөнді үміт – қайғылы ой,
Ұмыт мені, ұйықта!..
Әлди, 
      әлди, 
        әлди-ай,
Кекіліңнің әр талын гүлмен тарап берейін,
Кірпігіңді, жан сөзім, жырмен санап берейін,
Қайырындай Сәлемнің, мейіріндей Тілектің,
Көздеріңнен сүйейін ерінімен жүректің…
 
Ұмыт мені, болды енді мүлде, мүлде ойлама,
Бірге өткізген тәтті түн – Сенің Түсің жай ғана,
Ғұмырымды өрнектеп ақ махаббат билеген,
Бірге өткізген сәтті күн – Менің Түсім жай ғана…
 

Оставьте комментарий