Еламан Батыр — Болашақ келіншегім

Осы парақта Еламан Батыр — Болашақ келіншегім деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Еламан Батыр — Болашақ келіншегім текст, сөздері, ән мәтіні

Айдай сұлуым менің болайын теңің сенің
Жауқазындай жанарым бақыт көруші едім
Сенің мекен жайына асығып келуші едім, жаным
Болашақ келіншегім
Сөзіне жұбанамын бақыттан жылағаным
Еркесі бір әкенің үмітісің бір ананың
Барына қуанамын жаныма шын адалым
Тәңірден сұрағаным

Қайырмасы
Әлем сұлу жаным сенің күлкің секілді
Бірге жүрсек бір ғасыр да бір күн секілді
Сен періште болуында мүмкін секілді, махаббатым
Біздің сезім тарихта жоқ сезім секілді
Осы күндер ең бақытты кезім секілді
Өмірдегі сенің мөлдір көзің секілді, махаббатым

Сен хитсың біздің үйге әйелім болмай жатып
Отбасымның мүшесі бол жаным балдай батып
Жүрсең ғой ата анама күн сайын шәй қайнатып
Шіркін шіркінай қандай бақыт
Сөзіне жұбанамын бақыттан жылағаным
Еркесі бір әкенің үмітісің бір ананың
Барына қуанамын жаныма шын адалым
Тәңірден сұрағаным

Қайырмасы
Әлем сұлу жаным сенің күлкің секілді
Бірге жүрсек бір ғасыр да бір күн секілді
Сен періште болуында мүмкін секілді, махаббатым
Біздің сезім тарихта жоқ сезім секілді
Осы күндер ең бақытты кезім секілді
Өмірдегі сенің мөлдір көзің секілді, махаббатым

Оставьте комментарий