Ербол Бимұрза — Дос

Осы парақта Ербол Бимұрза — Дос деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ербол Бимұрза — Дос текст, сөздері, ән мәтіні

Қараңғылық қауіп толы айнала,
Пана қажет жүретұғын қорғана,
Бұзылудан қорғап, қолдап жүретін,
Дос таңдауын жасау керек ойлана.

Сені әркез жақсылыққа үндейтін,
Досың болсын сені түзеп, жөндейтін,
Есірткі мен арақ сыңды пәледен,
Жамандықтан бойың аулақ жүр дейтін.

Болсын досың ақылы бар қырағы,
Коркем мінез, жақсы кеңес бұлағы,
Ақымақпен дос болудың зияны,
Aқылы бар жаудан бетер болады.

Болсын досың адал салих жақсы адам,
Қадiр тұтып досын әркез жақтаған,
Іс түскенде басын алып қашпаған,
Пайда үшiн жолдастарын сатпаған!

Жақсы достар тапсаң ұғын қадірін,
Сыйлы болып құрметтеп жүр барлығын,
Мінсіз адам болмайтынын біле біл,
Көрсең егер жасыр достың айыбын.

Жаман достан медет болмас жаныңа,
Жамандығын жұқтырады қаныңа,
Достың діні сенің дінің деген сөз,
Мұқият бол кіммен дос болғаныңа.

Жаманменен жолдас болған оңбайды,
Жаманменен басыңа бақ қонбайды,
Жылан жанның дұшпаны, ал жаман дос,
Жанмен қоса иманыңды жалмайды.

Оставьте комментарий