Ербол Бимұрза — Жақсы мінез

Осы парақта Ербол Бимұрза — Жақсы мінез деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ербол Бимұрза — Жақсы мінез текст, сөздері, ән мәтіні

Жақсы мінез жан азығың әрдайым,
Жақсы болсаң жарқырайды маңдайың,
Жаман мінез індетіне тұтылсаң,
Оңа қоймас бұл жалғанда жағдайың.

Етсең егер тәкаппарлық, менмендік,
Жоқ қой сірә бұдан асқан төмендік.
Бидғат, рия, фитна-бүлік еткендік,
Барлығы да құрыдымға кеткендік.

Кісі жайлы жаман ойлап міндеме,
Хасед етіп ешкімді де күндеме,
Ғайбат өсек жайып күнә жиғанша,
Бос сөйлеме, тіліңді тый үндеме.

Байсалды бол дереу ашу шақырма,
Сөз таласып салғыласып сарқылма,
Демі қысқа екі күндік дүниеде,
Күнә істеп несібеңді тар қылма.

Қабақшытпай күлімдеп жүр күлімде,
Қиындықта сабыр сақта түңілме,
Мұсылмандық — жылы шырай жылы жүз,
Жылы сөзбен елжірейді көңіл де.

Жақсы мінез жанашырың жалғасың,
Ғылым үйрен, оқудан көз талмасын,
Заман тұрмас қадірін біл уақыттың,
Бүгінгі іс ертеңгіге қалмасын.

Жақсы мінез сарқылмайтын қазына,
Қанағат қыл қолыңдағы барына,
Өкінішпен қайғы келмей тұрғанда,
Ғибадат қыл парызыңды орында.

Адамдарға жаса жақсы мәміле,
Разы болсын сенен жас та кәрі де,
Араздаумен кек сақтаудан аулақ бол,
Қапа қылма ешкімді де ренжітпе.

Жақсылықты өн-бойыңа жиғайсың,
Қылмыс атты жұттан аулақ тұрғайсың,
Дініміздің ізгілігін паш етіп,
Адамдарға жақсы үлгі болғайсың.

Ислам діні көркем мінез бұлағы,
Әділетпен ізгіліктің тұрағы,
Дінисламның үкіміне мойынсұн,
Маңдайыңа бақ-береке тұнады…

Оставьте комментарий