Ербол Бимұрза — Тыйылайық өсектен

Осы парақта Ербол Бимұрза — Тыйылайық өсектен деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ербол Бимұрза — Тыйылайық өсектен текст, сөздері, ән мәтіні

Ұзақ тұрмас ғимарат негіз салса кесектен,
Адал болмас бас қосу шешім шықса өсектен,
Өзі жоқтың көзі жоқ жамандасаң кезекпен,
Әдет қылсаң ғайбатты парқың болмас есектен.

Ақырзаман қу заман жағымпаздық билеген,
Бұрыш бұрышқа жиналып ғайбат айту сиреген,
Ауыздықтау қиын іс ұзын тілді ирелең,
Салдарынан ғайбаттың қаншама ел күйреген.

Қу әдетке айналған өсек айту жасқанбай,
Ғайбат, өсек айтудан жарыс болып жатқандай,
Аңдығаны бір бірі кір іздеген қазбалай,
Қуанады мін тапса, бір қап алтын тапқандай.

Ғайбатшыны байқасаң өзі таза дінаман,
Шаң жұқтырмас өзіне құлақ салып тыңдасаң,
Басқаларда кемшілік толып жатыр мыңдаған,
Өзгелердің барлығы, жауыз екен ең жаман.

Күндестік пен кек сақтау сөз айтқызар арқадан,
Жамандаса күндесін сонда шері тарқаған,
Алауыздық іріткі осындайдан бастаған,
Тыйылайық өсектен ынтымаққа бас қадам.

Өсектердің көбісі күндестіктің қиялы,
Өсектелген адамға жоқ ғайбаттың зияны,
Ғайбатшы мен тыңдаушы молдап күнә жияды,
Сауаптарын жинаған күндесіне қияды.

Әр адамның бойында ізгілігі табылар,
Жамандығын жиреніп жақсылығын қабыл ал,
Жамандасып жауласқан араз қоғам жаңылар,
Жақсы сөздер айтылса жамандығы жабылар.

Ел болайық ағайын ынтымағы жарасқан,
Бір біріне сүйеу боп, қолдап құптап қарасқан,
Бірлігі жоқ көп елдер, қысым көрген жан жақтан,
Ынтымағы бекем елмен алыптар да санасқан.

Оставьте комментарий