Ерлан Орынбасаров ft. Жансая Жәдігер — Жалған дүние

Осы парақта Ерлан Орынбасаров ft. Жансая Жәдігер — Жалған дүние деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ерлан Орынбасаров ft. Жансая Жәдігер — Жалған дүние текст, сөздері, ән мәтіні

Тәңірімнен тіледім — 
Жарқын ғұмыр, күндерді.
Жылап жатыр жүрегім,
Серік қалап түндерді.
Көзден тамшы құлатып, 
Өмір бізді қинайды.
Жалған сөзбен жұбатып,
Сәттік сезім сыйлайды.
Көгершіндей күндерім,
Ұшырады арманмен.
Бір қуаныш бірде мұң,
Өмір өтер алдаумен…
 
Қайырмасы:
Жалған дүние, 
Жұбатасың біздерді бірде шаттық сыйлап,
Жалған дүние,
Мұңайтасың қайғымен әлсіз жанды қинап, 
Жалған дүние, 
Жылатасың бір сәтке көзге тамшы, 
жасты жинап… 
 
Асыл өмір балайды,
Байлық дәулет барында
Орамалға орайды 
Демің біткен шағыңда,
Өмір толы сынаққа
Махшарда да жаза көп
Барайық біз жұмаққа 
Пенделіктен ада боп.
Иман нұры бойымда,
Хақ Тағала таратқан, 
Өмір атты ойында — 
Жар бола көр, Жаратқан! 
 
Қайырмасы:
Жалған дүние, 
Жұбатасың біздерді бірде шаттық сыйлап,
Жалған дүние,
Мұңайтасың қайғымен әлсіз жанды қинап, 
Жалған дүние, 
Жылатасың бір сәтке көзге тамшы, 
жасты жинап… 
 

Оставьте комментарий