Көктөбенің гүліндей көркем едің
Жанарыңмен жаныма еркеледің
Аялдама астында жолықтырған
Күнекейдің өзіндей еркем едің
Қайырмасы
Аялдама,
Жанға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама.
Тіршіліктің көлігі сабылысқан
Саған деген көңілім алып ұшқан
Өзің жаққа қараймын жалтақтаумен
Жаралған жан сенбісің сағыныштан
Қайырмасы
Аялдама,
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама