Ернар Айдар — Мейірімді болайықшы бәріміз

Осы парақта Ернар Айдар — Мейірімді болайықшы бәріміз деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Ернар Айдар — Мейірімді болайықшы бәріміз текст, сөздері, ән мәтіні

Бір сұрақ бар ойланбайтын кей мұңсыз
Бұл жалғанда не бағалы не құнсыз
Махаббатпен жаратса да адамды
Кебіреулер махаббатсыз мейрімсіз

Ар жолында малымызды қия алмай
Кердендейміз жер бетіне сия алмай
Жылағанды көріп тұрып жұбатпай
Мейірімсіз сөз қыламыз ұялмай

[Қайырмасы]
Қу тірлікте қурады ма жанымыз
Қатыгезбіз тас бауырмыз әлі біз
Мейірімді болайықшы ағайын
Мейірімді болайықшы бәріміз
Мейірімді болайықшы ағайын
Мейірімді болайықшы бәріміз

Адалдықты таптатпаса табанға
Бақыт өзі келіп қонар адамға
Сен біреуге бола білсең мейірімді
Мейірімін төгер біреу саған да

Кім біледі не боларын кейін
Пенделіктен бұзылмасын пейілің
Байлық емес атақ емес адамға
Жетпей жатыр, жетпей жатыр мейірім

[Қайырмасы]
Қу тірлікте қурады ма жанымыз
Қатыгезбіз тас бауырмыз әлі біз
Мейірімді болайықшы ағайын
Мейірімді болайықшы бәріміз
Мейірімді болайықшы ағайын
Мейірімді болайықшы бәріміз

[Қайырмасы]
Қу тірлікте қурады ма жанымыз
Қатыгезбіз тас бауырмыз әлі біз
Мейірімді болайықшы ағайын
Мейірімді болайықшы бәріміз
Мейірімді болайықшы ағайын
Мейірімді болайықшы бәріміз

Оставьте комментарий