Ернар Айдар — О махаббат

Осы парақта Ернар Айдар — О махаббат деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Ернар Айдар — О махаббат текст, сөздері, ән мәтіні

 Алыс еді аулың біздің ауылдан,
Мінезің бар аумайтын күзгі дауылдан.
Болсадағы басылмас сол бір мінезің,
Жан дертімнің дауасы жаным бір өзің.

Қ/сы
Жаным жаным келші жаным кел күнім
Сен шынарым сенсің күнім сен гүлім
Аққуымдай аялайын жаным сенен аямайын  
Мен шын бақыттың тұнық мөлдірін
 
Жаулап алып адамның ақыл санасын,
Жүрегіме от тастап өртеп барасың.
Бар әлемнің жанарын жалғыз қолыңмен,
Ұстап тұрар қылықты қайдан табасың.
 Қ/сы

О махаббат бақпысың маңдайымдағы,
О махаббат шөлмісің таңдайымдағы.
Жапырақтай үмітім үзіле көрме,
Қара көзді қар басқан сол қайыңдағы
Қ/сы    

Оставьте комментарий