Ернар Айдар — Сағыныш (Мөлдір Әуелбекова)

Осы парақта Ернар Айдар — Сағыныш (Мөлдір Әуелбекова) деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Ернар Айдар — Сағыныш (Мөлдір Әуелбекова) текст, сөздері, ән мәтіні

Мұңға батқан жүректің жағаласын шулатып
Сені аңсаймын жанымның толқындарын тулатып
Сандуғашқа сайраған сен жайлы әнді тыңдатып
Білесің бе мен үшін сені көру мың бақыт

Қайырмасы
Қалай жүрсін сағынбай қалай жүрсін үндемей
Айлы түнді аңсаумен әнге салған кім демей
Мен аңсаймын сол шақты күн демей де түн демей
Сөндірдік-ау бекер біз үміт отын үрлемей

Өткен күндер расында жазылғаны маңдайға
Жүрегімді жұбатып түсінетін жан қайда
Әппақ атым шалғайда жаурамай ма тонбай ма
Мен кінәлі шығармын сен кешірсең болмай ма

Қайырмасы
Қалай жүрсін сағынбай қалай жүрсін үндемей
Айлы түнді аңсаумен әнге салған кім демей
Мен аңсаймын сол шақты күн демей де түн демей
Сөндірдік-ау бекер біз үміт отын үрлемей

Оставьте комментарий