Ернар Айдар — Қанатыңның түсі

Осы парақта Ернар Айдар — Қанатыңның түсі деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Ернар Айдар — Қанатыңның түсі текст, сөздері, ән мәтіні

Сағындым ба, сағындым ба
Көңіл-күй жоқ ой мазалы.
Неге қондың маған келіп,
Сезімдердің шын ғазалы.
Қою түнде есіміңді
Жұлдыздармен кім жазады.
Кімнің туып айы оңынан
Болар екен кім жазалы.
 
Қайырмасы:
Жердің бетін киіндіріп
Қанатыңның түсіне сай.
Кім сенімен мақтануда
Жүрсің жаным жерлерде қай?
Сары алтындай сағыныш-ай
Оттай жанған жүрегім-ай.
Жалғыздықты көкте Жалғыз
Бір түсінсе, түсінер-ай.
 
Кірпігіңмен үп еткіз де,
Үміт отын жандырсаңшы.
Жаз боп кел де, қуаныштан
Мені есімнен тандырсаңшы.
Не болмаса өзің келіп
Көңілімді қалдырсаңшы.
Күз боп кел де, сұрланып ап,
Сары жапырақ жаудырсаңшы.

Оставьте комментарий