Ернар Айдар — Ұмыттың ба

Осы парақта Ернар Айдар — Ұмыттың ба деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Ернар Айдар — Ұмыттың ба текст, сөздері, ән мәтіні

1. Арманыма неге қостым?
Саған дұшпан, саған доспын.
Гүлдеріммен қызыл, қызыл
Жолдарыңды неге тостым?
Мына жүрек тіл алмайды,
Сені есінен шығармайды.
Қайда десем мекеніңді
Аңда, құста біле алмайды.

Қайырмасы

Ұмыттың ба, ұмыттың ба сен мені?
Өмір бəрін, уақыт бəрін емдеді.
Үміт жүгін артып келем,
Оралсаңшы қорқып келем.
Сені өзгеден артық көрем, білмеймін.
Арамызға жылдар салып,
Жолсыздарға жолдар салып,
Мен өзіңді бұл күндері іздеп келем.

2. Бір қарашы толған айға
Саған бір ой сыйламай ма?
Бір күндері көктем келіп,
Жүрегіңді қинамай ма?
Аңдап баспай, абайламай
Жан дүниемнің тоналғаны-ай.
Енді ұмыта бергенімде
Құстардың да оралғаны-ай.

Қайырмасы

Ұмыттың ба, ұмыттың ба сен мені?
Өмір бəрін, уақыт бəрін емдеді.
Үміт жүгін артып келем,
Оралсаңшы қорқып келем.
Сені өзгеден артық көрем, білмеймін.
Арамызға жылдар салып,
Жолсыздарға жолдар салып,
Мен өзіңді бұл күндері іздеп келем.

Оставьте комментарий