Жарлығапбердінің әні — Шама

Осы парақта Жарлығапбердінің әні — Шама деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Жарлығапбердінің әні — Шама текст, сөздері, ән мәтіні

Күн батар кешке жиқын таудан асып,
Шапақтап қызыл алтын нұрын шашып.
Ақшамның қараңғысы болған шақта,
Аһ ұрып табысады өңшең ғашық!

Боз үйден таң алдында күйеу шығар,
Артынан қалар жары бетін басып.
Келгеніне енді айналып кім бар, кім жоқ,
Ей, қалқа, тіліңді әкел, аузыңды ашып.

Тісің мен сары мойның жаудырасын,
Тіліңнен жан шөлімді қандырасың.
Салдыртып сал күреңмен келгенімде,
Көңілімді не себептен қалдырасың!

Ай жарық терезеңнің дәл түбінде,
Кіргізбей босағаңда талдырасың.
Аршын төс, алма мойын шаһизада,
Төсектен сүмбіл шашың салбырасын.

Айбатпен сотқа кірген прокурордай,
Шашыңа таққан шолпың салдырасын.
Жаңа ұшқан үясынан бала қаздай,
Сәулем-ау, екі көзің жаудырасын.

Оставьте комментарий