Сағындым сені, сағындым белді
Көк орай шалғын қоғалы көлді.
Қ-сы
Жайқалған көгі жазира далам,
Алыстан аңсап келемін.
Айналдым елім, аяулым менің
Сағындым сені туған жер.
Жағасы жайлау даласы көркем
Аспаны биік армансыз өлкем.
Қ-сы
Жайқалған көгі жазира далам,
Алыстан аңсап келемін.
Айналдым елім, аяулым менің
Сағындым сені туған жер.
Нұрындай күннің, гүліндей қырдың
Сағындым сені балауса құрбым.
Қ-сы
Жайқалған көгі жазира далам,
Алыстан аңсап келемін.
Айналдым елім, аяулым менің
Сағындым сені туған жер.