Жігіттер квартеті — Айна көл

Осы парақта Жігіттер квартеті — Айна көл деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Жігіттер квартеті — Айна көл текст, сөздері, ән мәтіні

Айдын көлім, ақ көлім, айна көлім
Көк жағаңды жасымнан жайлап едім
Бүгін барсам орныңды-ау таба алам ба
Айна көлім, айдыным қайда менің
 
Қайырмасы
Ахау, ахау
Айна көлім, айдыным қайда менің
Ахау, ахау
Айна көлім, айдыным қайда менің
 
Айдыныңнан аққулар кеткені ме
Қаз-үйректер қона алмай өткені ме
Кім байлады бағыңды айтшы маған
Арман қайғың жүрекке жетпеді ме
 
Қайырмасы
Ахау, ахау
Арман қайғың жүрекке жетпеді ме
Ахау, ахау
Арман қайғың жүрекке жетпеді ме
 
Тоғайында адасқан қызыл елік
Жаутаңдайды жабырқап мені көріп
Толқымадың қайтейін кетейін бе
Жүрегімнің тамшысын саған беріп
 
Қайырмасы
Ахау, ахау
Жүрегімнің тамшысын саған беріп
Ахау, ахау
Жүрегімнің тамшысын саған беріп
Айна көлім, айдыным қайда менің 

Оставьте комментарий