Жігіттер квартеті — Анаға тілек

Осы парақта Жігіттер квартеті — Анаға тілек деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Жігіттер квартеті — Анаға тілек текст, сөздері, ән мәтіні

Ана сенің жүрегіңдей жоқ жүрек,
Жүресің ғой балаң үшін елжіреп.
Жаның салып, барын салып қорғайсың,
Кетпесін деп мен сүрініп, мен жүдеп.
 
Қайырмасы
Ана сенің мейіріміңдей мейірім жоқ,
Бойыңдағы қасиетіңді бердің көп.
Бар әлемді әлдилегем дейсің сен,
Отырғанда сәбиіңді әлдилеп.
 
Ана сенің тілегіңдей жоқ тілек,
Өкінбейсің өмірім бос өтті деп.
Мақтан етіп отырасың қашанда,
Жүрмесемде, жүргендей-ақ көк тіреп.
 
Қайырмасы
Ана сенің мейіріміңдей мейірім жоқ,
Бойыңдағы қасиетіңді бердің көп.
Бар әлемді әлдилегем дейсің сен,
Отырғанда сәбиіңді әлдилеп.
 
Ана сенің қасиетіңнің бәрі асыл,
Көкірегімде шырақ болып жанасың.
Дүниедегі барлық ана ардақты
Бақытына жетелеген баласын.
 
Қайырмасы
Ана сенің мейіріміңдей мейірім жоқ,
Бойыңдағы қасиетіңді бердің көп.
Бар әлемді әлдилегем дейсің сен,
Отырғанда сәбиіңді әлдилеп.

Оставьте комментарий