Жігіттер квартеті — Бақытты бол

Осы парақта Жігіттер квартеті — Бақытты бол деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Жігіттер квартеті — Бақытты бол текст, сөздері, ән мәтіні

Біз тұрдық жол үстінде, 
Жанымыз толы мұңға. 
Тағдырдың білмеппіз-ау, 
Жазбасын жолығуға 
Жолыңды тосып күнде, 
Тұрушы ем гүлдеріммен. 
Алыстап кете бардың, 
Зулаған күндеріңмен. 
 
Қайырмасы 
Бақытты бол, берілмей қайғы мұңға, 
Бақытты бол, махаббат айдынында. 
Бақытты бол, аққулы көлімдей ме ең? 
Көз алдымнан кетпейді-ау сенің бейнең. 
 
Мұңдатқан таңдағы күз, 
Сарғайған солқын гүлдер. 
Бірге атқан таңдарымыз,
Қайдасың сол бір күндер? 
Тірегі тілегімнің, 
Ән бе еді көркем үнің. 
Қалауы жүрегімнің, 
Мәңгі еді ерке күнің. 
 
Қайырмасы 
Бақытты бол, берілмей қайғы мұңға, 
Бақытты бол, махаббат айдынында. 
Бақытты бол, аққулы көлімдей ме ең? 
Көз алдымнан кетпейді-ау сенің бейнең. 

Оставьте комментарий