Жігіттер квартеті — Жан досым

Осы парақта Жігіттер квартеті — Жан досым деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Жігіттер квартеті — Жан досым текст, сөздері, ән мәтіні

Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
 
Қайырмасы 
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!
 
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп адастық.
 
Қайырмасы 
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін!  

Оставьте комментарий