Жігіттер квартеті — Кешір ана

Осы парақта Жігіттер квартеті — Кешір ана деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Жігіттер квартеті — Кешір ана текст, сөздері, ән мәтіні

Еркелеп өстік бала да болдық,
Қуалап ойын далада қондық
Ананың сөзін құлаққа ілмей, 
Кей-кезде көсем,дана да болдық.
 
Қайырмасы
Есейдік енді аптықты беріп
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуантсам деймін өзіңмен бірге
Ырысым менен бақытты бөліп.
 
Піспеген әлі шала шығармын, 
Үйретті ме екен нағашыларым
Балалық та бар, қателік те бар,
Кешіре көрші, анашым бәрін.
 
Қайырмасы
Есейдік енді аптықты беріп,
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп.
Қуантсам деймін өзіңмен бірге,
Ырысым менен бақытты бөліп.
 
Тағдырым білем қояды сұрақ 
Жаппасын қатты есігін бірақ,
Басымды иіп отырмын мұңды 
Барлығы үшін кешірім сұрап.
 
Қайырмасы
Есейдік енді аптықты беріп,
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп.
Қуантсам деймін өзіңмен бірге,
Ырысым менен бақытты бөліп.
 

Оставьте комментарий