Жігіттер квартеті — Күрең күз

Осы парақта Жігіттер квартеті — Күрең күз деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Жігіттер квартеті — Күрең күз текст, сөздері, ән мәтіні

Әні Г. Дәукенова
Сөзі М. Мақатаев
 
 
Күп-күрең менің іреңім,
Қош енді, қош бол, күрең күз!  
Жаз келер және жап-жасыл,  
Жақсылық тағы тілермін.  
Жадырап өмір сүрермін,
Қош енді, қош бол, күрең күз!
 

 
Қайырмасы
Қош енді, қош бол, күрең күз  
Күрең мұң саған жібердім.  
Күлермін деп ем түнердің.  
Білермін қалай, білермін.
 
Жыртылып жатыр күрең жер,  
Күрең жер — тозған кілемдер.  
Күрең тау анау, күрең бел,  
Күрең бел — жиған кілемдер.
Жаз келер және жап-жасыл,  
Жасауын жердің түгендер.
 
Қайырмасы
Қош енді, қош бол, күрең күз  
Күрең мұң саған жібердім.  
Күлермін деп ем түнердің.  
Білермін қалай, білермін.
 

 
Қош енді, қош бол, күрен күз!  
Ақ қысты тездеп жібергіз.
Ак қыстай әппақ бір елміз,  
Ширығып біраз жүрерміз.
Шынығып өмір сүрерміз.
Қош енді, қош бол, күрен күз,  
 
Қайырмасы
Қош енді, қош бол, күрең күз  
Күрең мұң саған жібердім.  
Күлермін деп ем түнердің.  
Білермін қалай, білермін.

Оставьте комментарий