Жігіттер квартеті — Мінәжат

Осы парақта Жігіттер квартеті — Мінәжат деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Жігіттер квартеті — Мінәжат текст, сөздері, ән мәтіні

Тұра берсін жерім аман, тауым да аман;
Аман жүрсін досым да, жауым да аман;
Адам түгіл, шөптер мен жәндіктердің,
Қиналғанын сезіну — ауыр маған…

Көңілім бар ешкімге тарылмаған,
Аман болсын жат адам,
бауыр да аман,
Адам түгіл, тұп-тұнық мына аспаннан,
жұлдыз ағып құласа — ауыр маған…

[Қайырмасы]
Аман болсын аман бол шалқар қалам
Аман болсын аман бол барлық адам
Аман болсын аман бол барлық адам

Шаршасам да қуатты дауылдардан,
Жауындардан беймезгіл сауылдаған.
Бәріне де көнер ем, тек сәбидің,
Жаутаңдаса жанары — ауыр маған…

Өткереді не зұлмат, құйынды адам,
Елім аман болсыншы, үйім де аман.
Мына сұлу ғаламды сақта, Құдай,
Сол болсыншы беретін сыйың маған!

[Қайырмасы]
Аман болсын аман бол шалқар қалам
Аман болсын аман бол барлық адам
Аман болсын аман бол барлық адам

[Қайырмасы]
Аман болсын аман бол шалқар қалам
Аман болсын аман бол барлық адам

Аман болсын аман бол шалқар қалам
Аман болсын аман бол барлық адам
Аман болсын аман бол барлық адам

Оставьте комментарий