Жігіттер квартеті — Сағындым сені

Осы парақта Жігіттер квартеті — Сағындым сені деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Жігіттер квартеті — Сағындым сені текст, сөздері, ән мәтіні

Айдынға аққу-қаз оралды, сағындым сені,
Жайнайды дүние, жаңарды, сағындым сені.
Жаз өтті, жапырақ тоналды, сағындым сені,
Ақ қайың ақ мамық оранды, сағындым сені. 
 
Қайырмасы
Күн батты, таң атты тағы да,
Ем таппай жаралы жаныма,
Жоғыңа сенбестен қарайлаймын жолыңа.
Сен едің ертегі аралым,
Дертімнің таба алмай амалын,
Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым.
 
Ақ қайың арылды ақ қардан, сағындым сені,
Сандуғаш сайрады бақтардан, сағындым сені.
Елесің жоқ болған тәтті арман, сағындым сені,
Келесің, жаным, қай жақтардан, сағындым сені. 
 
Қайырмасы
Күн батты, таң атты тағы да,
Ем таппай жаралы жаныма,
Жоғыңа сенбестен қарайлаймын жолыңа.
Сен едің ертегі аралым,
Дертімнің таба алмай амалын,
Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым.

Оставьте комментарий