Жігіттер квартеті — Фәни жалған

Осы парақта Жігіттер квартеті — Фәни жалған деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Жігіттер квартеті — Фәни жалған текст, сөздері, ән мәтіні

Опасыз фәни — бұл жалған
Жұтады жуан- жұқаны.
Малыңа сенбе құлданған,
Қурайдың ол бір бұтағы.
Қай жаққа кетті аттанып,
Пікір қыл, сонау көп халық?
Жетеді қуып ат-табыт,
Кигізіп жеңсіз лыпаны.

Өтті-ау дүние жалған-ай
Қайта оралмас арман-ай
Дүние шіркін арман-ай

Аңдыма дүние қапысын,
Тірлік қыл Тәңір хақы үшін.
Жей гөрме жанның ақысын,
Қылкөпір ертең тұтады.
Ұл-қызың, досың жорықтас,
Ешбірі жебеп жарытпас.
Жігерлен, сілкін, ғаріп бас,
Ғұмырың желдей зытады.
Құл Қожа Ахмет, тағат қыл,
Ғұмырыңды қай жан санап тұр?
Топырақ пен судан жаратты —
Топырақ қайта жұтады.

Өтті-ау дүние жалған-ай
Қайта оралмас арман-ай
Дүние шіркін арман-ай
Арман арман арман-ай
Қайта оралмас жалған-ай

Оставьте комментарий