Жігіттер квартеті — Қазақ жігіттері

Осы парақта Жігіттер квартеті — Қазақ жігіттері деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Жігіттер квартеті — Қазақ жігіттері текст, сөздері, ән мәтіні

Асыл текті туған,
Алаш кегін қуған.
Ерлерім ел үшін,
Белін бекем буған.
Ақ білек күшімен.
Ақ найза ұшымен,
Қорғаған бабамның,
Үлгі алып ісінен.

Қайырмасы

Алға, алға, алға қазақ жігіттері,
Сенім артқан жансын халық үміттері.
Көк аспанда желбіресін көк байрағың,
Жаса мәңгі, қазағымның жігіттері.

Жігіттер, жігіттер,
Биікке өрлеңдер.
Ел үшін, жер үшін,
Намысты бермеңдер.
Нардың күші дарып,
Жүрек дүрсіл қағып.
Жетіңдер жеңіске,
Шаршы топты жарып.

Қайырмасы

Алға, алға, алға қазақ жігіттері,
Сенім артқан жансын халық үміттері.
Көк аспанда желбіресін көк байрағың,
Жаса мәңгі, қазағымның жігіттері.

Оставьте комментарий