Жігіттер квартеті — Құстар әні

Осы парақта Жігіттер квартеті — Құстар әні деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Жігіттер квартеті — Құстар әні текст, сөздері, ән мәтіні

Жабырқап бақтар жатқанда
Жапырақ жерді жапқанда
Қиялмай құстар мекенін
Қайтуда жылы жақтарға
 
Шуағын іздеп шалғайдың
Ұясын тастау қандай мұң
Жүрегім аяп соларды
Соңына қарап толғандым
 
Ксы
 
Қалдырып туған даланы
Қанатын құстар қағады
Жылуын аңсап күнімнің
Меніңде жаным жаралы
 
Жылуын аңсап күнімнің
Меніңде жаным жаралы
 
Ызғарын келіп төккенде
Бөгелмей өзен өткелге
Кетер-ем самғап солармен
Қайтейін қанат жоқ менде
 
Керегін таппай кең жерден
Аспанда қалқып тербелген
Шуаққа құмар достарым
Тағдырым ортақ сендермен
 
Ксы
 
Қалдырып туған даланы
Қанатын құстар қағады
Жылуын аңсап күнімнің
Меніңде жаным жаралы
 
Жылуын аңсап күнімнің
Меніңде жаным жаралы
 
Жабырқап бақтар жатқанда
Жапырақ жерді жапқанда
Қиялмай құстар мекенін
Қайтуда жылы жақтарға
 
Ксы
 
Қалдырып туған даланы
Қанатын құстар қағады
Жылуын аңсап күнімнің
Меніңде жаным жаралы
 
Жылуын аңсап күнімнің
Меніңде жаным жаралы 

Оставьте комментарий