Жігіттер квартеті — Құс қайтты Алматыма

Осы парақта Жігіттер квартеті — Құс қайтты Алматыма деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Жігіттер квартеті — Құс қайтты Алматыма текст, сөздері, ән мәтіні

Көктемді қондырып қанатына,
Құс қайтып оралды Алматыма.
Ән толды аспанға, құс қонды жас талға.
Бақыт кеп қол алғандай.
Құстарды мен тостым, айғайлап ән қостым,
Арманым оралғандай,
Қуандым жарқылдап, мәз болдым ән тыңдап,
Құшақтап арманымды.

қайырмасы
Оянған армандай жаз таңында,
Келеді құс қайтып аспанымда.
Аспаным ашылды, ән маржан шашылды,
Шаттық бар жас жанымда.
Оралды арманым, оралды көктемім,
Қол алды достарым да.
Сағыныш сәлемі, құс қайтып келеді,
Ән салып туған жерге.

Келеді аспанда құстар қайтып,
Сағыныш арманын ән ғып айтып.
Алатау, қабылда, орашы сағымға,
Бақыт деп маған келген.
Саған кеп қонатын, сыйпашы қанатын,
Көктемгі майда желмен.
Көліңде ойнасын, бақытын тойласын,
Келді ғой туған жерге!

қайырмасы
Оянған армандай жаз таңында,
Келеді құс қайтып аспанымда.
Аспаным ашылды, ән маржан шашылды,
Шаттық бар жас жанымда.
Оралды арманым, оралды көктемім,
Қол алды достарым да.
Сағыныш сәлемі, құс қайтып келеді,
Ән салып туған жерге.

Оставьте комментарий