Майлықожа Сұлтанқожаұлы — Дүниеге мейман көңілім

Осы парақта Майлықожа Сұлтанқожаұлы — Дүниеге мейман көңілім деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Майлықожа Сұлтанқожаұлы — Дүниеге мейман көңілім текст, сөздері, ән мәтіні

Дүниеге мейман көңілім,
Мақтансам дауа тілерсің.
Өлшеніп берген өмір бар,
Уақытыңмен жүрерсің.
Кейбір күнде қапа боп,
Кейбір күнде күлерсің.
Бір қалыппен еш пенде
Бітіре алмас үлесін.
Көлеңкелі бұлыттай
Көшпелі болған дүниесің.
Ажал келсе жатқызар,
Маңдайдан басқан ұйқыдай.
Пендені дәулет мас қылар,
Қырауды кешкен жылқыдай.
Бауыры бүтін, басы есен,
Сағынар ауық — күлкіні — ай.
Қызықтырған түлкідей,
Дүние өтер бір күні — ай.

Оставьте комментарий