Мейрамбек Бесбаев & Медеу Арынбаев — Сағындым

Осы парақта Мейрамбек Бесбаев & Медеу Арынбаев — Сағындым деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Мейрамбек Бесбаев & Медеу Арынбаев — Сағындым текст, сөздері, ән мәтіні

Балалығым бал тілді ерте күнді сағымдым
Әжем айтқан сан түрлі ертегімді сағындым
Тайға мініп тойларда шапқанымды сағындым
Қозы лақты жайлауда баққанымды сағындым

Көбелекті көп қуған қырларымды сағындым
Асық ойнап доп қуған жылдарымды сағындым
Алтыбақан тербеткен түндерімді сағындым
Еркін жүріп ер жеткен күндерімді сағындым

Тамашалы думанды ауылымды сағындым
Ағайынды, туғанды, бауырымды сағындым
Аққу, үйрек, қаз қонған көлдерімді сағындым
Манырасып мәз болған төлдерімді сағындым

Айхоу
Айхоу
Айхоу
Айхоу

Ең алғашқы балалық махаббатты сағындым
Ақыл айтқан даналы шапағатты сағындым
Ерте өткен өмірден талғауымен Тәңірдің
Кетпес бірақ көңілден достарымды сағындым
Ақылы кең дария даналықтың кешені
Қайда кеткен қария ақсақалдар кешегі
Бабалардың ізі бар даламды кең сағындым
Айдай аппақ жүзі бар анамды мен сағындым
Қой үстінде боз торғай ұя салған кездер-ай
Айтылмаған сөз қалмай ұға салған кездер-ай
Кішілері әркезде үлкендерін сыйлаған
Қайда-қайда сол кездер кімдер бүгін сыйлады

Айхоу
Айхоу
Айхоу
Айхоу

Ал жігіттер бұл күнде салынған бос селтекке
Не боп кеткен шіркіндер әйелме әлде еркек пе?!
Қыздар нәзік деседе айылдарын жимайды
Әттен-әттен көшеде тән сатқаны қыйнайды
Қайда ата салтымыз, қайда атақ даңқымыз
Салт-дәстүрді жоғалтсақ не болады халқымыз
Шұбарланды тіліміз, тұманданды дініміз
Тіл мен дінді жоғалтсақ не болады күніміз

Айхоу
Айхоу
Айхоу
Айхоу

Қиындық жоқ женбейтін, күдіктерден арылдым
Өмірбақи өлмейтін үміттерге бағындым
Жүре өткен жолымда бәрін-бәрін сағындым
Бәрі тағдыр қолында бір Аллаға табындым

Оставьте комментарий