Міржақып Дулатұлы — Абу Фирастан

Осы парақта Міржақып Дулатұлы — Абу Фирастан деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Міржақып Дулатұлы — Абу Фирастан текст, сөздері, ән мәтіні

Тағдырдан сұра, қаскүнем,
Бар ма екен менің сасқаным?!
Алысуға бата алмай,
Жалтақтап, сірә, қашқаным?!
Сұрашы қандай шөлдерден
Тұлпарым менің өтпеген!
Қандай асқар таулардың
Төбесіне жетпеген?
Қайда күшті жауым бар
Жолыма бөгет бола алған.
Жорыққа шықсам мен жалғыз
Тұлпармен қылыш қолға алған.
Жүргенім жалғыз тым артық,
Арыстандай жортқан құмдарда
Болғанша жолдас опасыз
Қатын жүрек құлдарға.

Оставьте комментарий