Міржақып Дулатұлы — Балдызға (Бірінші хат)

Осы парақта Міржақып Дулатұлы — Балдызға (Бірінші хат) деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Міржақып Дулатұлы — Балдызға (Бірінші хат) текст, сөздері, ән мәтіні

Сәлем жаздым балдызға
Осы ауылда кез келіп,
Қазақшылық ғұрпында
Бар ғой деп қақым жезделік.

Бұрын солай болушы ед,
Кетпесе заман өзгеріп.
Жатсынбасаң, Жәнима,
Бізде болмас өзгелік.

Сен бір бұлбұл сайраған,
Бұл өнерің білінді.
Жақсыға құмар жездеңе
Естіртші бүгін үніңді.

Бір көргеннің бірімін,
Мұндай гүлді кім көрген?
Мадақтауға сипатың
Бармай тілім күрмелген.

Оставьте комментарий