Міржақып Дулатұлы — Балдызға (үшінші хат)

Осы парақта Міржақып Дулатұлы — Балдызға (үшінші хат) деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Міржақып Дулатұлы — Балдызға (үшінші хат) текст, сөздері, ән мәтіні

Жаздым сәлем балдызға,
Мақшұғым сіздей жалғызға.
Жақсыда жаттық болмайды,
Именіп сырын жасырма.
Торда отырып тарықпай,
Талпынады ылашын.
Бидайықты үміт қып,
Созады көкке құлашын.
Көк қауырсын бидайық,
Ержетсе кімге лайық.
Жатсынбайық жақындап,
Пікірін тартып сұрайық.
Отырмын торда жабырқап,
Шығармын ертең жарқырап,
Сұрағыма жауап бер,
Жүріп кетпей салбырап.

Оставьте комментарий